Admin | Дата: Среда, 05.09.2012, 10:12 | Сообщение # 1 |
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 46
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
| Ата – аналарға кеңес
Кез келген бала үздік оқысын немесе нашар оқысын, жылдам немесе шабан болсын, атлет немесе сылбыр болсын – жақсы көріп, құрметтеуге лайықты: баланың өз басы бағалы. Бала тек кемшіліктен, әлсіздік пен сәтсіздіктен тұрмайтыны есіңізде болсын.Кез келген баланың жақсы жақтары болады, тек оны көре білу керек. Мақтауға тарлық жасамаңыз, орындаушыны мақтау керек, тек ол жасаған нәрсеге ғана сын айтуға болады.Мақтауды жеке басына айту керек, сын айтқанда жеке басына тиіспеңіз. Кез келген жаңа талапты әлі нәтижесі болмаса да, алдын ала мақтаудан бастаңыз. Баланың алдына ол жасай алатындай мақсат қойыңыз. Бұйырудың орнына баланы өзіңізбен тең немесе үлкен адамдай санап, кеңес немесе көмек сұраңыз. Тыйым салудан гөрі рұқсат ету балаларды көп нәрсеге үйретеді. Жазалау қажет болса, бір кінәсі үшін екі рет жазалауға болмайтынын есте сақтаңыз. Бала өзін неліктен, не үшін жазаға тартқанын білуі тиіс. Көп жағдайда ескерту жасау, жұлқылау, талап ету қажетсіз екеніне өзіңіздің көзіңізді жеткізіңіз. Баланы сабырлылық пен байсалдылыққа тәрбиелеңіз
Мұғалім мен қарым – қатынаста ата – аналарға кеңес
Жаңа ортаға балаңыз түскенде қалыптасу, бейімделу жайлы үнемі түсіндіріңіз. Балаңыздың көңіл – күйін бақылаңыз. Бірден балаңыздан сабақтың сапасын сұрамай, сыныптағы қарым – қатынасын байқаңыз. Пән мұғалімдеріне бірден кінә тақпаңыз себебі баланың білімін бірден байқау мүмкін емес. Өз балаңыздың мінезіне бақылау жасаңыз. (бала мінезі әр түрлі болады ашық, тұйық, өз ісіне мығым, т.б) Баланың бәрі бірден жетістікке жетпейтіндігін ескеріңіз. Балаңызда қалыптаспай жатқан жағдайлар болса сабырлық сақтап артын тосуға тырысыңыз.
Балаларға кеңес
Ата – аналарыңа сеніңдер – олар сендердің ең жақын адамдарың, тек солар ғана сендерге көмектесіп, жақсы ақыл бере алады. Оларға өз проблемаларың, сәтсіздіктерің мен уайымдарың жайлы айтыңдар. Қуаныштарыңды ата – аналарыңмен бөлісіңдер. Ата – аналарыңа қамқор болыңдар: олардың қиыншылықтары өте көп.
Оларды түсініп көмектесуге тырысыңдар. Ата - аналарыңда ренжітпеңдер және оларға жоқтан өзгеге бұртия бермеңдер. Ата – ананың білдірген ренішін дұрыс қабылдап сабырлық сақта.
|
|
|
|